Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтөбе облысында жан түршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты

0 173

Ақтөбе облысындағы Самара-Шымкент тасжолында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті «Мой город» басылымының жазуынша, 30 қаңтар күні сағат 19.20-да Өлке ауылының маңында Өзбекстан азаматы басқарған «Мерседес» жүк көлігі жолдан тайып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Басқаруға келмеген жүк көлігі “Toyota Camry” көлігімен соқтығысады. Соққыдан жеңіл көліктегі барлық адам – 34 жастағы жүргізуші мен төрт жолаушы бірдей қаза тапқан.

Полицейлер қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Еске салайық, өткен аптада Қазақстанның батысында осыған ұқсас жол көлік оқиғасы орын алған. 28 қаңтар күні Атырау облысындағы Доссор-Бейнеу тас жолында Өзбекстанда тіркелген MAN жүк көлігі Алматы облысының тұрғынына тиесілі Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.

Жол көлік оқиғасы салдарынан Toyota Camry көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы (оның екеуі кәмелетке толмағандар) оқиға орнында жантәсілім еткен.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.