Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтөбе облысында Қырғыз елінің азаматы көз жұмды

0 588

Ақтөбе облысында жол апатынан Қырғызстан азаматы мерт болды деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сільтеме жасап.

14 қыркүйек күні Ырғыз ауданы Қалыбай кентінің жанындағы Самара – Шымкент автожолында көліп апатқа ұшырап, соның салдарынан 1 адам мерт болды. ВАЗ 2105 автокөлігінің жүргізушісі, Қырғыз Республикасының азаматы, рульді басқара алмай, кюветке шығып, аударылып қалған.

Апат салдарынан ВАЗ 2105 автокөлігінің 31-жастағы жолаушысы, Қырғыз Республикасының азаматы, алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, ал жүргізуші түрлі жарақаттармен Ырғыз орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақтөбе облысында Қырғыз елінің азаматы көз жұмды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.