Қалалық қоғамдық-саяси газет

Экология вице-министрі тағайындалды

0 508

Үкіметінің қаулысымен Мұқатаев Серікәли Мұхаметкәрімұлы Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Серікәли Мұқатаев 1964 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтын бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Сарқан қаласының №55 жылжымалы механикаландырылған колоннаның шебері болып бастады, онда 1997 жылға дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

1997-2000 жылдары жеке ұйымда жұмыс істеді.

2000-2003 жылдары – Сарқан аудандық әкімдігінің мәдениет бөлімінің бас маманы.

2003 жылы Сарқан ауданы әкімі аппаратының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы болды.

2005-2010 жылдары – Сарқан ауданы әкімі аппараты құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы.

2010-2020 жылдары – ауыл шаруашылық министрлігінің су ресурстары комитеті су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясында басшылық қызметтерді атқарды.

2020 жылғы наурыз-сәуірде – су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары.

2020 жылғы сәуір-шілде аралығында – су ресурстары комитеті «Қазсушар» РМК-ның «Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалы директорының орынбасары.

2020 жылдың шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін су ресурстары комитеті «Қазсушар» РМК-ның «Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалының директоры болды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.