Қалалық қоғамдық-саяси газет

АҚШ Орталық комитетінің қолбасшысы Нұр-Сұлтанға келді

0 161

Еліміздің Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов АҚШ Орталық комитетінің қолбасшысы генерал Кеннет Маккензиді қабылдады, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу Нұр-Сұлтан қаласында өткен. Вндомство мәліметінше, тараптар Ауғанстандағы жағдай мен өңірлік қауіпсіздікті, сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ арасындағы халықаралық әскери ынтымақтастықты, оның ішінде бітімгершілік қызмет шеңберіндегі мәселелерді талқылаған.

Кеннет Маккензи CENTCOM басшылығына 2019 жылдың наурызында тағайындалған. Америкалық генерал бұрын Ауғанстанда қызмет еткен, сондай-ақ теңіз корпусында басшы және Пентагондағы штаб басшыларының Біріккен комитеті төрағасы болған.

АҚШ Орталық қолбасшылығы (ағылш. United States Central Command; USCENTCOM немесе CENTCOM) – Орта Шығыс, Шығыс Африка және Орталық Азия өңірлерінде әскери іс-қимылдар болған жағдайда америкалық әскер операцияларын жоспарлауға және басқаруға жауап беретін АҚШ Қарулы күштері құрамындағы бірыңғай қолбасшылық.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.