Қалалық қоғамдық-саяси газет

Енді Сіз әкімдікке емес, әкімдік Сізге барады

0 241

Енді тараздықтар өз мәселелерін жеткізу үшін әкімдіктің табалдырығын тоздырып әуре болмайды. Өйткені шаһар шенеуніктері тұрғындардың хал-жағдайын білу үшін әр округтегі әр ауланы өз аяқтарымен аралап, кездесулер өткізеді, —деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі. Жағымды жаңалықпен қала әкімінің кеңесшісі Зарина Қуатова өзінің Facebook-тегі парақшасында бөлісті.

Құрметті тараздықтар! Енді Сіздер әкімдікке емес, әкімдік Сіздердің аулаларыңызға келеді!

Әкімдіктің бөлім басшылары мен инспекторлар Президент Жолдауын іске асыруды бастап кетті.

Барлық бөлім басшылары мен инспекторлардың аулалардағы есеп беруі мен халықтың өтініш-тілегін тыңдау кестесі әкімдіктің Фейсбук, Инстаграмм парақшаларында, — деп хабарлады З. Қуатова өз жазбасында.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.