Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақ кимешек – киелім

0 243

  «Анаға тағзым» орталығында «Киелі кимешек» облыстық тігіншілер байқауы өтті.
Салт – дәстүрді дәріптеп, ұмыт болып бара жатқан құндылықтарға жаңа әр беру мақсатында ежелден келе жатқан құндылықтардың бірі кимешекті ел ішіне таныту мақсатында өткен сайыс, өз кәсібін жүргізіп отырған жас қыз-келіншектердің бір-бірімен тәжірибе алмасып, болашақта байланыс орнатуына ықпалы зор.
Қазақ әйелдерінің ұлттық бас киімі болған ақ кимешек арқылы ескі мен жаңаны үндестіріп, жаһандану дәуіріндегі қазақ әйелдерін өзіне тән тарихи көркем бейнесімен жұртшылыққа көзайым ету барысында 12 тігінші қатысты.
Байқаудың қазылар алқасының төрағасы, «Асыл дизайн» сән үйінің бас дизайнері, «АСПАРА» өнер және бизнес колледжінің құрылтайшысы, техника ғылымдарының кандидаты Айдархан Калиев, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, физика ғылымдарының кандидаты Күлжәмилә Жолдасова, Қазақстанның халық әртісі, А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының әртісі Мәкен Рахымжанова, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің доценті, техника ғылымдарының кандитаты, Еуразиялық дизайнерлер одағының академигі, құрметті дизайнері Болыс Уәлиев, «Бидәулет» ЖШС – нің директоры, іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Туғанай Жолақова, белгілі этнодизайнер – Гүлнар Абдуллаева, Тараз Сервис және Технология колледжінің өндірістік оқыту шебері Зәуреш Абдибекова қазылық етті.

«Кимешек киген киелім» аталымындағы I кезеңде қатысушы өз қолымен байқауға арнап тігіп әкелген кимешек түрлерін таныстырып, сол кимешектердің тарихы, маңыздылығы, тігу процесінде қолданылған материалдары туралы толық мағлұмат берді. Ал тігу процесі бейнеролик арқылы көрсетеілді.
«Өнерлінің өрісі кең» кезеңінде берілген тақырыптар бойынша қатысушылар тобымен бірге алдын-ала ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты көрініс көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды.
Байқауда шеберлігін көрсеткен үміткерлер екі кезең бойынша сынға түсіп, сайыс өз мәресіне жетті. Бас жүлдені Тұрар Рысқұлов ауданынан қатысқан Бағила Массипқазы жеңіп алды. 1 орын биігінен Жамбыл ауданынан Динара Келімбетова көрінді. 2 орын Жуалы ауданынан Айгүл Телибаеваға бұйырды. 3 орынға Сарысу ауданынан Айнұр Исентаева, Баян Еркешова лайықты болды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.