Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Құмшағалда» жаңа мешіт бой көтерді

373

Бүгін «Құмшағал» алқабында бой көтерген жаңа мешіт пайдалануға берілді. Салтанатты шарада сөз алған Тараз қаласының бас имамы Орынбасар Дәуренбеков көпшілікті айтулы күнмен құттықтады.

– Рамазан айының қарсаңында осындай еңселі имандылық үйінің бой көтеруі көңілге қуаныш сыйлайды. Осы мешіттің құрылысына атсалысқан барша жамағатқа шын жүректен алғыс білдіремін. Мешіттің Алланың бір есімі «Аль-Хафиз» деп аталуының да өзіндік мәні бар. Бұл сақтаушы, қорғаушы, жебеуші деген мағынаны білдіреді.  Тағы бір айта кетерлігі бұл қаладағы осымен 38-ші мешіт болып отыр, – деді бас имам.

 

Әрі қарай сөз сабақтаған алқап  ақсақалдары  ізгі лебіздерін білдіріп, мешіттің лентасын қиды. Бұдан кейін жамағат жаңа мешітте жұма намазын оқып, жайылған дастарханнан дәм татты.

 

Comments are closed.