Тараз қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экология- лық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.
Қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қаланы көркейту және абаттандыру жұмыс- тарын жандандыруға бағытталған игі шараға қала әкімдігінің бөлімдері мен мекеме қызметкерлері, сондай-ақ қала тұрғындары белсене атсалысты.
Шара барысында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков сенбілік жұмыстары жүргізілген аумақтарды аралап көріп, тұрғындарды шаһар тазалығына үлес қосуға шақырды.
Сенбілік аясында аумақтар қоқыстан тазартылып, аулалар мен қоғамдық орындар ретке келтірілді. Қураған ағаштарды санитарлық кесу және шөп ору жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар «Қарасу» (5) шағынауданындағы канал аумағында тазалау жұмыстары атқарылды.
Жалпы, сенбілікке 1 мыңға жуық адам қатысып, тазалық жұмыстарына 10 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 2 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Аталған шара қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Тараз қаласының әкімдігі