Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Таза қала – ортақ жауапкершілік

0 63

Таза әрі көрікті орта – әрбір адамның жайлы өмір сүруінің кепілі. Сондықтан да мемлекет елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған жаңа талаптарды кезең-кезеңімен жетілдіріп келеді.

Осы мақсатта 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда абаттандырудың жаңа Үлгілік қағидалары күшіне енді. Жаңартылған құжат қалалар мен ауылдардың тазалығын қамтамасыз етуге, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, сәулеттік келбетін жақсартуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Ең бастысы, бұл құжат мемлекет пен жергілікті атқарушы органдардың ғана емес, кәсіпкерлер мен тұрғындардың да ортақ жауапкершілігін нақты айқындап берді.
Жаңа қағидалардағы ең маңызды өзгерістердің бірі – іргелес бес метрлік аумақты күтіп-ұстау міндетінің енгізілуі. Соған сәйкес енді тұрғын үйдің немесе кәсіпкерлік нысанның меншік иесі өз ғимаратының периметрі бойынша бес метрге дейінгі аумақтың тазалығын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл аумақта қоқыс жиналмауы, арамшөп өспеуі, тұрмыстық қалдықтар шашылмауы және санитарлық талаптардың сақталуы қажет.
Бұл өзгерістің басты мақсаты – тазалықты тек коммуналдық қызметтердің міндеті деп қарамай, әр азаматтың өз аумағына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру. Өйткені әркім өз үйінің немесе нысанының айналасын таза ұстаса, бүкіл көше, аудан, қала көркейе түседі. Таза қала – ортақ жауапкершілік!

Тараз қаласының әкімдігі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.