Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

5 мың тараздық сенбілікке қатысты

0 18

Мемлекет басшысының тапсыр- масымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экология- лық акциясы аясында Тараз қаласында жалпықалалық сенбілік өтті.

Игі бастамаға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков, мемлекеттік қызметшілер, мекеме және кәсіпорын қызметкерлері, жастар, ардагерлер мен шаһар тұрғындары қатысты.
Тазалық жұмыстарына 5 мыңға жуық адам мен 25 техника жұмылдырылып, 150 тонна қоқыс шығарылды.
Сенбілік барысында негізгі жұмыстар «Ұлы дала» (15) шағынауданындағы «Үшбұлақ» каналының бойында жүргізілді. Мұнда канал жағалауы мен оған іргелес аумақтар қоқыстан тазартылып, тұрмыстық қалдықтар жиналды.
Сонымен қатар шаһардың өзге де белгіленген аумақтарында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары атқарылды.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» респуб- ликалық экологиялық акциясы аясында Тараз қаласында сенбіліктер тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл жұмыстардың басты мақсаты – шаһардың санитарлық жағдайын жақсарту, қоғамдық орындар мен аулалардың тазалығын қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру.
Жыл басынан бері акция аясында ұйымдас- тырылған тазалық шараларына 100 мыңға жуық тараздық атсалысты. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде қала аумағынан 10 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Тазалық жұмыстары тек сенбілікпен шектелмей, қала аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту бағытында да тұрақты түрде жалғасуда.

«JT»-ақпарат

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.