Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Береке бастауы – бірлік

0 69

Өткенге көз жүгіртсек, Кеңес- тер Одағы құлағаннан кейін ел ішінде этникалық қақтығыс- тарға жол бермеген бірден-бір ел Қазақстан екенін жұрттың бәрі біледі. Иә, қазіргі таңда еліміздегі көптеген этнос өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешуде. Құшағы кең қазақ кешегі қиын жылдары талай халыққа пана бола білді. Осы этностарды ортақ құрылымның аясына біріктірудің сара жолы – Қазақстан халқы Ассамблеясын құру еді.

Бүкілқазақстандық бірліктің бірегей моделі қазіргі уақытта этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы маңызды құралға айналып үлгерді. Өзінің 31 жылдық тарихында аталған құрылым қоғамдағы тұрақтылықты сақтауда үлкен рөлге ие болды. Елдегі берекелі бірлік пен ырысты ынтымақтың бастауы болған Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылы Қазақстан Респуб- ликасы Тұңғыш Президентінің бастамасымен құрылған болатын. Кезінде Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде жұмысын бастаған Ассамблея осы жылдары конституциялық орган деңгейіне дейін өсті.
2008 жылы елімізде «Қазақстан халқы Ассамб- леясы туралы» Заң қабылданды. Аталған бірлік институтының құрылған 1 наурыз күні 2016 жылдан бері ел аумағында Алғыс айту күні ретінде аталып өтуде. Мұндағы мақсат – сонау қиын- қыстау кезеңдерде Қазақстанға жер аударылған түрлі этностардың қазақ халқына алғыс айтуын және жас буын арасында өзара құрмет пен берекелі бірлік жолын жалғауды көздейді.
Шүкір, бүгінде халықаралық деңгейдегі сарапшылар қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы қазақстандық саясатқа үлкен қызығушылықпен қарап отыр. Тоқсаныншы жылдардың басында әлемдік деңгейдегі кейбір сарапшылар кеңес дәуірінде «Ұлттар лабораториясы» атанған Қазақстан енді нағыз ұлтаралық қақтығыстар мен шиеленістердің ордасы болуы ықтимал деген сипатта болжам жасаған болатын. Уақыт ондай болжамдардың күл-талқанын шығарды.
Жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделінде Қазақстанның этникалық, конфессия- лық, мәдени және тілдік тұрғыдан әралуандығы елімізді тұтастыратын басты күштердің бірі екенін атап көрсетіп, бұл бағытта жүйелі жұмыс- тар жүргізгеннен кейін Қазақстан ұлтаралық келісімнің мекеніне айналып, әлем елдерінің назарын өзіне аударғаны ақиқат. Бүгінде көптеген елде ұлтаралық келісімдер сақталмауының соңы қарулы қақтығыстарға ұласып жатқаны жасырын емес. Ал мұндай жағдайда жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін дамытып, бірлігімізді нығайта берудің маңызы зор екенін түсінесің.
Әлем елдерінде болған түрлі жағдайдың өзі бізді сергек болып, осыған дейін қалыптасқан құндылықтарымызды одан әрі дамытудың маңызы зор екенін айқындай түседі. Қазақстанда жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі қалай дамыды деген мәселеге көңіл тоқтататын болсақ, елімізде бұл бағыттағы жұмыстар төменнен жоғары қарай жүргізілгенін байқау қиын емес. Тәуелсіздік жылдары ауыл-аудандарда этномәдени бірлестіктер құрылып, еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің төл мәдениетін дамытуға мүмкіндік жасалды. Өз кезгенде қазақ жерін мекендейтін ұлттар Қазақ билігі ұсынған осы мүмкіндікті жақсы түсініп, қазақ қоғамымен ықпалдасуға түсудің маңызы зор екенін түсінді. Осылайша төменнен жоғарыға қарай бағытталған жұмыс өз нәтижесін берді.
Бүгінде сол ауыл-аймақтарда құрылған шағын мәдени бірлестіктер үлкен ұйымдарға айналып, әрқайсысы Қазақстан халқы Ассемблеясының бір-бір уығы болуда. Бұдан жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін қалыптастыру жолындағы қоғамдық институттар толықтай қалыптас- қанын көре аламыз.
Түптеп келгенде, ассамблея қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапты орган ретінде қалыптасты. Бүгінде ел аумағында 1 025 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Мұндағы мақсат – Қазақстан мекендеген ұлттар мен ұлыстардың мәдениетіне қолдау көрсету арқылы сындарлы мемлекеттік саясат аясындағы ауқымды жұмыс- тарға жұмылдыру. Оның ішінде, ең бастысы, Қазақстан халқының бірлігін сақтау, қазақ халқының біріктіруші рөлін бекемдеу, барлық этностардың мәдениеті мен тілдерін, салт-дәстүрлерін дамыту үшін қажетті жағдай жасау сынды қағидаттарға негізделген. Бұл бағытта Жамбыл облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының да атқарып отырған жұмысы ауқымды.
Бүгінде Жамбыл облысында түрлі этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Өңірлік Ассамблея осы бірлікті бекемдеп, қоғамдық келісімді сақтауға бағытталған жүйелі жобаларды жүзеге асыруда. Өңірде 87 этнос пен этникалық топ өкілдері өмір сүреді. Осылайша Әулиеата өңірі шоғырланған этнос саны бойынша республикада екінші орынды алып отыр. Сонымен қатар дүнген, күрд, түрік этностары жинақы орналасқан аймақтар бар. Бүгінде облыста 38 өкілдігі бар 41 этномәдени бірлестік тіркелген. Өткен жылдың қаңтар айында қоғамдық аккредиттеуден өткен 33 этномәдени бірлестік республикалық реестрге енгізілді.
Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы халықтар арасындағы достық пен өзара құрметті нығайтуға бағытталған түрлі мәдени-көпшілік шараларды тұрақты ұйымдастырады. Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің қатысуымен концерттер, фестивальдар, көрмелер мен «дөңгелек үстел» отырыстары өткізіліп келеді. Мұндай шаралар түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптеп қана қоймай, жас ұрпақты бірлік пен татулыққа тәрбиелеуге ықпал етеді.
Өңірлік Ассамблея жастармен жұмысқа ерекше көңіл бөліп отыр. «Ассамблея жастары» ұйымы арқылы жастарды қоғамдық жұмыстарға тарту, еріктілік қозғалысын дамыту, этносаралық келісімді насихаттау бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар облыстық Ассамблея қайырымдылық шараларына да белсенді атсалысып келеді. Этномәдени бірлестіктер әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, көпбалалы аналарға және мұқтаж жандарға тұрақты түрде көмек көрсетуде. Бұл жұмыстар қоғамдағы мейірім мен жанашырлық құндылықтарын дәріптеуге сеп болып отыр.
Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Мүбарак Жинақбаеваның айтуынша, өңірде этномәдени бірлестіктер жанынан 30-дан астам шығармашылық ұжым жұмыс істейді.
– Олардың қатарында вокалдық, би, аспаптық, театр және фольклорлық ансамбльдер бар. Сонымен бірге Достық үйінде «Zaman dance», «Infinity» би ансамбльдері және «Вдохновение» би тобы тұрақты жұмыс істейді. Мәдени-ағартушылық бағытта «Елтану» жобасы аясында «Музыкалық аспаптар әлемі» экспозициясы ашылып, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» көрмесі ұйымдас- тырылды.
Жастар да назардан тыс қалып жатқан жоқ. Айталық, өткен жылы өңірдегі оқу орындарында студенттік ассамблеялар ашылып, «Еңбек – елдің ертеңі» жобасы аясында «Жомарт жан» орталығы 30 колледж студентінің 4,3 млн теңге көлеміндегі оқу ақысын төлеуге қолдау көрсетті. Сондай-ақ Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «КӘСІПday» жобасы арқылы еңбек адамының мәртебесін арттыруға бағытталған шаралар жүзеге асырылуда, – дейді Мүбарак Қасымқызы.
Сонымен қатар өңірдегі жастардың бойына патриоттық рух пен елге деген сүйіспеншілікті сіңіру бағытындағы жұмыстардың маңызы зор. Себебі татулық пен тұрақтылықтың қадірін түсінетін саналы ұрпақ қана ел болашағын баянды ете алады. Осы мақсатта ұйымдастырылатын кездесулер, мәдени жобалар, қайырымдылық шаралары мен тағылымдық іс-шаралар жас буынды достыққа, сыйластыққа және адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеуде.
Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде бейбітшілік пен келісімнің жарқын үлгісіне айналды. Жамбыл облысындағы этнос өкілдерінің бірлігі мен ынтымағы – еліміздің басты байлығы. Сондықтан өңірлік Ассамблеяның атқарып отырған жұмысы қоғамдағы татулықты сақтауда, ел бірлігін нығайтуда маңызды орын алады. Ал бірлігі бекем елдің болашағы да баянды болмақ.

Жұмаш ЖОЛБОЛДЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.