Тараз қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімдерінде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» жұмыс істеуде. Электрондық веб-портал арқылы қызмет алуды қамтамасыз етуге арнайы ашылған бұрышта жеке куәлікке жазылған электрондық-сандық қолтаңбаны (ЭЦҚ) оқуға арналған «cardreader» (картридер) орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында әкімдіктің бөлім қызметкерлері қарапайым халыққа қажетті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ешкімнің көмегінсіз санаулы минуттарда сапалы алуға ықпал етеді.
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының мекенжайлары:
| № | Мемлекеттік қызметті көрсететін бөлім атауы | Мекенжайы | Байланыс телефондары |
| 1 | Тараз қаласы, Әулиеата ауданы әкімінің аппараты | Ы.Сүлейменов көшесі, №300 | 96-32-05 |
| 2 | Тараз қаласы, Жібек жолы ауданы әкімінің аппараты | «Жалпақтөбе» алабы, Юнчи көшесі, №3 | 33-33-81 |
| 3 | Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі | М.Жүнісәлиев көшесі,
№1, 1-қабат |
43-54-77 |
| 4 | Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі | Рысбек батыр көшесінің тұйығы, №14
1-қабат
|
54-47-01 |
| 5 | Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі | «Қарасу» шағынауданы, №24 «Д» | 54-02-55 |
| 6 | Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі | Төле би даңғылы,
№57 «Б» |
54-82-32 |
А.АЛИМБЕТОВА,
Тараз қаласы әкімі аппараты мемлекеттік көрсетілетін қызметті
мониторингілеу бөлімшесінің басшысы