Қалалық қоғамдық-саяси газет

Еңбек қауіпсіздігі – өнімді жұмыс кепілі

0 674

Халықаралық еңбек ұйымының бастамасымен дүние жүзі бойынша жұмыс орындарында жазатайым жағдайлар мен кәсіби аурулардың алдын алуға жәрдемдесу, сондай-ақ еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастыру және насихаттау мақсатында 28 сәуір күні Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аталып өтеді.

Атаулы күнге орай М.Х.Дулати атындағы Тараз  өңірлік университетінде Жамбыл облысы әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасының ұйымдастыруымен «Қауіпсіз еңбек жылы» атты іс-шара өткізілді.

Шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров қатысты.

Алғашқы болып сөз алған Жамбыл облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Бахтияр Қараулов орталық тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

-Қазіргі таңда Кәсіподақтар федерациясына кіретін мүшелік ұйымдарда еңбекті қорғау бойынша 11 мыңнан астам өндірістік кеңестерде 18 мыңнан астам еңбекті қорғау бойынша техникалық инспекторлар бар, олардың 86 пайыздан астамы кәсіподақ ұйымдарының бастамасымен құрылған. Алдағы уақытта кәсіподақ өкілдері әрбір кәспорында еңбек еңбек қауыпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша өндірістік кеңестердің өкілеттігін арттыра отырып және жалпы лайықты еңбек жағдайларын қалыптастырудағы жұмыс берушінің шешім қабылдау процессіне кәсіподақ өкілдерін қатыстыру қажет деп санайды. Адам өмірі мен денсаулығы-біздің басты байлығымыз,- деді  Бахтияр Сайлаубекұлы.

Айта кетейік, былтыр елімізде 1232 жазатайым оқиға тіркеліп, оның салдарынан 1465 адам зардап шеккен, оның 203-і адам өлімімен аяқталса, 897-сі ауыр, 365-і жеңіл жарақат алған. Біздің өңірде өткен жылы 36 жазатайым оқиғаларда 46 жұмысшы зардап шегіп, 13 адам қаза болған.

Жиын соңында басқарманың бірқатар үздік қызметкерлері марапатталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.