Қалалық қоғамдық-саяси газет

«7-20-25» пен «Баспана хит» борышкерлеріне төлем уақыты үш айға шегеріледі

0 504

Төтенше жағдай режимі кезінде зардап шеккен азаматтарға «7-20-25» және «Баспана хит» бағдарламалары бойынша төлем уақыты үш айға кейінге шегеріледі. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап есептегенде, төлем уақытын 90 күнге кейінге шегеру туралы шешім қабылданды. 5 сәуірге дейін өсімақы мен айыппұл есептелмейді.

Төлем уақытын кейінге шегеру үшін банкке тиісті құжаттармен бару қажет. Борышкер қаржылық жағдайының нашарлап кеткенін растауға міндетті.

Өтінім 10 күн қаралады. Өтінімді 4 сәуірге дейін беруге болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.