Қалалық қоғамдық-саяси газет

Түркістан облысында 6 жасар бала дәретхана шұңқырына құлап кетті (видео)

0 167

Түркістан облысында дәретхана шұңқырына құлап кеткен алты жасар бала құтқарылды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратынша, оқиға 23 қаңтарда Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылында болды. 2016 жылғы бала үйдің ауласында тереңдігі 4 метр дәретхана шұңқырына құлап кеткен.

Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖ департаментінің 5 құтқарушысы мен  жедел жәрдем бригадасының 3 қызметкері аттанды.

«Құтқарушылар сағат 14:14-те шұңқырға құлап кеткен баланы құтқару арқанының көмегімен шығарып, дәрігерлерге тапсырды», – делінген хабарламада.

Қазір бала үйінде, жағдайы тұрақты, деп нақтылады ведомство.

ТЖ министрлігі ата-аналардан және ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.