Қалалық қоғамдық-саяси газет

«7-20-25» бағдарламасын ұзарту ұсынылды

0 382

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «7-20-25» бағдарламасын ұзартуды ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.

Министр Қайырбек Өскенбаевтің айтуынша, бүгінде халық та, банктер де бағдарламаның жалғасқанын қолдап отыр.
«7-20-25» бағдарламасы аяқталуға таяу. Бірақ халық та, банктер де бұл бағдарламаны ары қарай жалғастыруды ұсынып отыр. Біз де ол мәселені көтеріп, ұлттық банкке өз ұсыныстарымызды беріп жатырмыз. Бірақ қандай шешім болатыны әзірше белгісіз. Оны әлі ақылдасып жатырмыз», – деді Өскенбаев үкімет отырысынан кейінгі брифингте.
Айта кетсек, «7-20-25» бағдарламасы бойынша дайын жаңа баспананы сатып алуға болады.
Алайда өтініш беруші тұлғаның атында ешқандай баспана болмауы керек.
Мөлшерлеме – 7%, ең төменгі жарна – кемінде 20%-і, мерзімі – 25 жылға дейін. Бағдарлама нақты мерзімі жоқ.
Бірақ оған бөлінген 1 триллион теңге көлеміндегі соманы игергеннен кейін бағдарламаны жабу жоспарланып отыр.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.