Қалалық қоғамдық-саяси газет

Екі бойжеткен қоғамдық орында дәрет сындырған

0 278

Қоғамдық орында дәрет сындырған екі бойжеткен видеоға түсіп қалды. Оқиға Алматыдағы ықшам аудандардың бірінде болған деп хабарлайды turkystan.kz.

Қажетін өтер кезде етегін көтеріп, артын күртешелермен жапқан екі қыз тал түсте көпшілік жүретін жерді ластаған.

Желіде тараған видеода қоғамдық демалыс орнында екі жігіт және екі қыздың сөйлесіп тұрғаны анық байқалады. Сол кезде екі қызды дәрет қысқанға ұқсайды. Олар жігіттермен ақылдасып, ақырында киімін шешіп, жерге отыра кеткен. Ал жігіттер болса, олардың күнтимес жерін сырт киімдерімен жапқан.

Бейнежазба авторы: «Ардан безгендер тіпті жан-жақтарына қарап, әжетхана, болмаса қалқа боларлық жер іздеуге де тырыспады», – дейді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.