Қалалық қоғамдық-саяси газет

6 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛЫП, 1024 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНЫ АШЫЛАДЫ

0 409
Мемлекеттік бағдарламалар аясындағы жобаларға бөлінген қаржылар жыл соңына дейін толық игерілуі тиіс. Бұл туралы бүгін қала әкімі Е.Жылқыбаев қалалық әкімдікте өткен аппараттық кеңесте мәлімдеді.
Жалпы қалада «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша биыл 9 нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстарына 2 млрд. тг аса қаржы бөлінген. Бүгінде шаһардағы 28 саяжай мен Құмшағал-Шөлдала, Көлтоған, Қызыл-Абад, Казарма тұрғын алқаптарында тозығы жеткен электр желілерін жаңарту бойынша нысандардың құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс нысандарында 84 азамат жұмыспен қамтылған. Қазіргі таңда жұмыстардың 70% аяқталды.
Сондай-ақ, биыл бағдарлама аясында қаладағы инфрақұрылымдық жүйелерді және құрылыс нысандарын салу жөнінде 12 жоба бекітіліп, 273 азамат жұмыспен қамтылады деп жоспарланған. Бүгінде оның 198-і жұмыспен қамтылып, жоспар 72,5%-ға орындалды. Жұмысқа орналасқан 198 азаматтың 61-не міндетті зейнетақы жарнасы аударылды. Қалған 137-не ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында аударылады.
Бұдан бөлек, қалада 2021-2022 жылдары жалпы құны 17 млрд. 594 млн. теңгені құрайтын 6 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 1024 жаңа жұмыс орыны ашылады деп күтілуде.
Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасының субсидия тетігі бойынша қалада 838 жоба қаржыландырылса, «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша 732 жоба кепілдендірілді. Грант тетігі бойынша жыл басынан республикалық бюджеттен 21 млн.теңге қаражат бөлінді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша биыл 20 жоба ұсынылып, облыстық кәсіпкерлер палатасымен 16 жоба қаржыландырылды.
Аппараттық жиын соңында шаһар басшысы жобаларға бөлінген қаржының жыл соңына дейін толық игерілуін тапсырып, орынбасарларына мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылауға алуды жүктеді.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.