Қалалық қоғамдық-саяси газет

«16 рет рекорд жаңартты»: Павлодарда 101 келіге дейінгі кір тастарын көтеретін алып адам тұрады

0 390

Павлодарда 101 келіге дейінгі кір тастарын көтеретін алып адам тұрады. Кезінде 16 рет рекорд жаңартқан Нұрлан Көпбергеновтің коллекциясындағы кір тастарының жалпы салмағы – 1,5 тонна, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Әр гантельдің салмағы 5 келі. Демек бұл жаттығуды кәсіби боксшының жалаң жұдырықпен орындай алуы мүмкін емес. 59 жастағы жігіт ағасы күн сайын 2 сағат денесін шынықтыратын көрінеді.

“Бұл сом темірдің салмағы 150 келі. Осы салмақпен отырып-тұрып, отырып-тұрып 40 рет жасаймын. Ол мына аяқ пен белге күш береді”, – дейді кір тасын көтеруші Нұрлан Көпбергенов.

Рекордшы кеден саласының қызметкері. Бойындағы алып күшті көбінесе кір тасын көтеру спорты қатты дамыған Ресей мен Беларуссияда паш етіп жүр. 16 рет рекорд жаңартты. Отандастарымыз батыр деп даңқын аспандатса, көрші елде Иван Поддубныйдың ізбасары деп құрметтеп, ерекше сый тарту еткен.

“Орыс балуаны Иван Поддубный осындай тростьпен жүрген деп соны сыйлаған маған. Бұның 9 келі салмағы. Енді мен оны 12 келі қылып істеп алдым, әр қолымда 12 келі. Бірақ ол аяғым ауырғаннан емес, жаттығу ретінде сонымен жүремін. Тростьсыз екі қолымды қайда жіберетінімді білмеймін. Ал, тростьпен болғанда маған жүруге жеңіл”, – дейді спортшы.

Қазақстанда әскери қызметшілердің жалақысы 60 пайызға жоғарылайды
Атыраудың бас имамы мешітке тиесілі төрт көлікті сатып жіберген
«Қазақ алыбының жетістігін қайталау былай тұрсын, ол көтерген салмақты бағындырамын –деп талпынған адам болған жоқ”. Кезінде кір тасын көтеру спорты бойынша Ресей мемлекетінің бас жаттықтырушысы болған Николай Шатов осындай естелік қалдырыпты. Ал, немерелері осы бастан атасынан асқан алып болуға талпынып жүр.

“Мен атамнан да асқым келеді. Ол 100 келіні бір қолымен көтерсе, мен 100 келілік екі кір тасын бірден көтеруге тырысамын”, – дейді немересі Арлан Көпбергенов.

Коллекцияда салмағы 8 келіден 101 келіге дейінгі 40 қа тарта кір тасы бар. Кейбірі ақ патша заманында жасалған.

Келер жылы алып азамат 60-қа толады. Бірақ жаттығудан жалығар емес. Жанкүйеріме әлі талай жеңіс сыйлаймын – дейді ол.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.