Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Бет-аузының сау тамтығы қалмаған»: Cолтүстік Қазақстанда әйел ұлының өліміне полицейлерді кінәлап отыр

0 904

Солтүстік Қазақстан тұрғыны Ирина Рейбант ұлын полиция қызметкерлері аяусыз ұрып-соғып, өлімге итермелегенін айтады.  Әйел төрт жыл бойы кінәлілерді жазалауды талап етіп, әртүрлі органдардың табалдырығын тоздырып жүрген көрінеді. Рейбант барлық оқиғаны өз көзімен көрдім деп мәлімдеп отыр, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ирина Рейбант төрт жыл бойы әділеттілікке қол жеткізе алмай жүргенін жеткізді. Әйел ұлының полиция қызметкерлерінің аяусыз соққысынан мерт болғанына сенімді. Дәлел ретінде тек естеліктер ғана барын айтады.

“Жүгіріп барып қарағанымда, бет-аузының саутамтығы қалмаған. Оң аяғы ұлымның басында тұр. Екеуі қарап тұрды, мені көрмеді. Аяусыз соққыға жығылғанын сол жерде-ақ білдім. “Неге қолдарыры байлаулы, неге осындай күйде?» деп сұрағанымда олар дөрекі жауап қатты”, – дейді әйел.

Полиция департаменті сол күні қызметкерлер көпқабатты үй тұрғындарының шақыртуына шыққанын айтты. Жастар үйдің кіреберісінде ішімдік ішіп алып, шулаған. Олардың ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандар екені белгілі болды. Бірі – Анатолий Рейбант. Тәртіп сақшылары жігіттерді медициналық куәландыруға апарған.

Ғимаратқа кіре берісте Рейбант қолтығына жасырған шыны бөтелкені сындырып, білегіне кескілей бастады. Өзіне дене жарақатын салғызбау мақсатында ол жерге көлденеңінен жатқызылды. Алайда, Рейбант өзіне зақым келтіруін жалғастырды. Атап айтқанда, басын жерге ұра бастады.

Дәрігерлер мұрынның зақымданғанын анықтаған. Оқиғадан үш ай өткен соң жігіт көз жұмды. Сот-медициналық қорытынды бойынша, үйінде өз құсығына тұншығып өлген. Қанынан этил спирті табылған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша,  аталған факті бойынша қылмыстық іс аясында 24 сараптама жүргізіліпті. 

Сарапшыдан жауап алынды. Ер адамның құсуына байланысты тыныс алу жолдары жабылса асфиксия кезінде немесе адамның мұрын жарақаты болса, бұл жағдайда өлімге әкелуі мүмкін емес екені түсіндірілді.

Сондай-ақ, медициналық ғылым докторларының қатысуымен кешенді сот-медициналық сараптама жүргізілді. Олар да оқиғалар арасындағы байланысты жоққа шығарды. Алайда зейнеткер бұнымен келіспейді. Шындықты ашу үшін тіпті, бір ай аштық жариялаған. Мәйітті қазып алып, қайта сараптау жүргізуді талап еткен. Алайда ол әрекетінен нәтиже болмапты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.