Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде елімізде болған қайғылы оқиғадан қаза тапқан сарбаздар мен бейбіт тұрғындардың рухына арнайы Құран бағышталады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Egemen.kz. сайтына сілтеме жасап.
«Хатым дұғасын 10 қаңтар күні сағат 13:00-де Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы бағыштайды», делінген мешіттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.