Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Өзіңе үйленіп ұлан асыр той жасаймын дегенің де болды»: Мәдина Сәдуақасова күйеуіне сезімін білдірді

0 174

Мәдина Сәдуақасова жолдасын туған күнімен құттықтап, ақ жарма тілегін білдірді. Әнші отау құрғанына 8 жыл толғанын айтып, қуанышын көппен бөлісті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

“Туған күніңмен, отағасы! Өзіңмен танысқанда 24-те еді жасың. Сол кездегі армандарыңның барлығына қол жеткіздің. Үйді де салдың, сол кезде өзің атқандай, өзіңе үйленіп ұлан асыр той жасаймын дегенің де болды. Ертең 8 жылдығымыз. Ұлымыз өсіп жатыр. Ата- анамыз, бауырларың жаныңда, жұмысыңда да абыройлысың. Осылай армандарыңа жете бер, біз Әнуар екеуміз үнемі қасыңдамыз! Менің өмірде де өнерде де қолдаушым , ақылшым өзің ғанасың, оны білесің. Аман бол, ауырма, күлімдеп жүр. Жаңа жасыңмен! Комментарийда жауап бермесең де, жүрек бассаң оқығаныңды білемін. Күйеуім 36 жасқа толды”, – деп жазды Сәдуақасова.

“Оооо, туған күні құтты болсын, өзім сияқты айналайын!!!Бақытты, ғұмырлы болсын!!! Отбасылық бақыт тілеймін, Мадиша, сендерге!!!! Қызды бол”, – деп жазды Маржан Арапбаева.

“Аман болындар бірге”, – деп жазды Аида Қауменова.

“Шын жүректен құттықтаймын. Өмір жасы ұзақ болсын, әрқашан қорғаныңыз болып жүре берсін. Тек бақытты, баянды, ұзақ ғұмыр кешіп, бір жастықта қартайыңыздар”, “Жездеміздің туған күні құтты болсын! Ғұмыр жасы ұзақ, бақытты болыңыздар! Кішкентайларыңыз көп болсын!”, “Бақытты болыңыздар. Армандарыңыз орындала берсін. Алла бұйыртып Ануарға қарындас сыйлаңыздар”, “Құтты болсын! Әдемі жұпқа әдемі махаббат тіледім”, – деп жазды өзге оқырмандары.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.