Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жырға іңкәр жүрек»

0 301

ҚР жазушылар одағының мүшесі,  ақын Айша Көпжасарованың 80 жасқа толуына орай Абай атындағы орталық кітапханада «Жырға іңкәр жүрек»  атты кездесу өтті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Кеш барысында тіршілікке ғашық көзбен қарайтын лирик ақынның туған жеріне, аяулы қазақ қыздарына,  замандастарына арналған «Қазақ қыздары»,«Күз»,  «Таразым»,  «Тәуелсіз Отаным» атты өлеңдері оқылды. Сондай-ақ ақын, ҚР Білім беру ісінің үздігі,  Талас аудандық мәслихатының депутаты Үміт Битенова мпн Халықаралық «Шабыт» фестивалінің жүлдегері, ҚР Жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры Хамит Есаман, айтыскер ақын Есет Досалы  ақын туралы ойын ортаға салып, жырдан шашу шашты.

Ал қала әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Тоқсанбаева ақынды мерейлі жасымен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді. Кеште Айша Көпжасарованың сөзіне жазылған «Келші Құланға»,«Мекенім—Қазақстан»,«Туған жер»  атты әндерін қалалық мәдениет бөлімінің өнерпаздары орындады. Әдеби кеште ақын туралы естеліктер айтылып, арнау жырлары оқылды. Сонымен қатыр кітапхана ұжымы ұйымдастырған «Поэзия — сөз өнерінің алтын тәжі»  атты кітап кітап көрмесіне кітапхана қызметкерлері Айша Көпжасарованың «Ана жүрегі»,«Таразым — тал бесігім»,  «Аяулы қазақ қыздары»  атты жыр жинақтарына библиографиялық шолу жасады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.