Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жылқы табынын іздеуге шығып кеткен: Қостанай облысында жоғалған жасөспірім табылды

0 389

Қостанай облысында түнде жылқы іздеуге шығып, артынша жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірім табылды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ақпарат DOS іздеу-құтқару жасағының Instagram желісіндегі парақшасында пайда болды.

«Тірі, аман-есен табылды», – деп жазды құтқарушылар.

Еске салайық, Қостанай облысында 14 жастағы Кирилл Дукат таңғы сағат 10 шамасында жылқы табын іздеуге далаға атпен шығып, жоғалып кеткен. Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, іздеу жұмыстары  Александров ауылдық округіне қарасты Жуковки ауылының аумағында жүргізілді. Іздестіру жұмыстарын «ДОС» және «Қостанай қасқырлары» жасақтарының кәсіби мамандары, негізінен, жүріп өту мүмкіндігі жоғары көліктерде жүргізді, деп түсіндірді аудан әкімдігі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.