Жуалы ауданындағы Боралдай ауылдық округіне қарасты Рысбек батыр ауылында тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Су құбыры желісінің бас нысаны – ұңғымалар ауыл шетіне орналастырылуда. Қазіргі уақытта траншея қазу жұмыстары атқарылуда.