Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жуалылық 120 азамат жаңа бизнес-идеяларына қайтарымсыз грант алды

0 203

  Жуалы ауданында кәсіпкерлікке бет бұрған жастардың үлесі артып келеді. Өйткені, мемлекет тарапынан қолдау бар,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Мәселен, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 120 азамат жалпы құны 70 008 мың теңгені құрайтын қайтарымсыз грант негізінде қаражат алды. Аталған 120 тұрғынның 82-сі 18-29 жас аралығындағы жастар.
Сонымен қатар «Бастау- бизнес» жобасы аясында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жоспар бойынша 260 қатысушы оқуын аяқтап, тиісті сертификаттарын алды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.