Бүгін аудандық мәслихат депутаты Естаев Мұратхан Тұрарханұлы ҚР Президентінің зейнетақы жүйесін дамыту жөніндегі Жолдауын түсіндіру бойынша аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесуін өткізді. Кездесуде халық қалаулысы Жолдауда көзделген жоспарларға тоқталды. Сондай-ақ, ол көпшілікті ағымдағы жылдың 20 қарашасында өтетін ҚР Президентінің сайлауына белсенділік танытуға шақырды.