Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жолдауға арналған бейнеселекторлық жиын өтті

0 146

Бүгін Жамбыл облысы Полиция департаментінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын тыңдауға арналған бейнеселекторлық жиын өтті. Жиынға ПД бастығы мен орынбасарлары, қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің басшылары мен жеке құрамы қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда отбасылық зорлық-зомбылықтың, синтетикалық есірткі тұтынудың өсуі, сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезіндегі жаппай тәртіпсіздікке үндеген адамдарға қатысты қарастырылатын жазалар туралы атап өтті.

Президент: «синтетикалық есірткіні тұтынудың өсуі ұлт денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Динамика мәз емес. Соңғы үш жылда айналымнан алынған «синтетика» көлемі 10 есе өсті. Бұл аса қауіпті әлеуметтік аурудың ауқымын ескере отырып, синтетикалық есірткіні өндіру мен таратуға қарсы күрес жалпыұлттық сипат алуы керек.Сондықтан нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресудің кешенді жоспарын әзірлеу қажет, – деді.

Сондай-ақ, ол мемлекетке ел бірлігі ауадай қажет екендігін, ереуілге қатысқандар да, күштік құрылым қызметкерлері де – өз азаматтарымыз дей келе, қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдағанын жариялады.

Тікелей көрсетілімдегі Президент Жолдауы аяқталған соң ПД бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин ішкі істер органдары қызметіне қатысты айтылған мәселелерді жеке құрамға түсіндіріп, тиісті бөлімдерге оның орындалуы бойынша нақты тапсырмалар берді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.