Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жетісу облысында алты жасар бала трактор тіркемесінің астына түсіп, мерт болды

0 309

Жетісу облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласында кешке 50 жастағы ер адам үйге шөп әкелген кезде трактор тіркемесі алты жасар баланы басып қалып, мерт болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үлкендер шөп бумаларын түсіріп жатқанда, аулада ойнап жүрген алты жасар бала көлік тіркемесінің астына шығып кетіп, көлік қозғала бастағанда, баланы тіркеме дөңгелектері басып қалған.

«Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабының 1-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соғу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған фактілер бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды», – деп хабарлады облыстық полиция қызметі.

Тәртіп сақшылары азаматтарға балаларына аса жауапкершілікпен, мұқият қарауды тағы да ескертеді. Әсіресе, балалар су айдындарының, жолдардың, темір жолдардың, қауіпті арнайы техника мен жүк көліктерінің жанында ойнаған кезде аса мән берген жөн.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.