Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әжесіне ренжіген 14 жасар бала үйінен кетіп қалған

0 296

Облыстық полиция департаменті таратқан мәліметке сенсек, 15 қаңтар сағат 17.00 шамасында Талдықорған қаласы ПБ кезекші бөліміне Алматы облысы Ақсу ауданының 41 жастағы тұрғыны жүгінген. Ол 14 жасар ұлының жоғалғанын айтып арызданған.

Арызда көрсеткендей ол ұлымен бірге Талдықорған қаласына туыстарына келген. Сағат 14 шамасында әжесі жасөспірім баланы құлаттың деп ұрысқаны үшін ренжіп үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен. Өздері іздеп таба алмағаннан кейін полицияға арызданған.

Аталған факті полицияда тіркеліп, із-түзсіз жоғалған кәмелетке толмаған баланы іздестіру ұйымдастырылды. Белсенді іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Талдықорған қаласы ПБ ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция капитаны Жандос Матақпаев жергілікті жерді аралап жүріп, «Қызыл тас» саяжайы жақтағы жолда жоғалған жасөспірімді тапты.

Профилактикалық әңгімеден кейін полиция қызметкерлері баланы әкесіне қайтарып, ол өз кезегінде полицейлерге жақсы жұмысы үшін алғыс айтты.

inform.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.