Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жер қатынастары саласындағы коммерциялық қызмет

0 323

Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы азаматтарға мемлекеттік қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік беріп отыр. Филиал мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай провайдеріне айналды. Оның құрамына мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласы да енгізілген.

Жер қатынастары саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерімен қатар, филиал тарапынан мүдделі тұлғаларға осы салада төмендегідей коммерциялық қызмет түрлерін де көрсетеді:
● Жер пайдалануды реттеу және пайда болуы бойынша жобалар жасау (жерге орналастыру жобалары);
● Жергілікті жерде жер учаскелерінің шекараларын белгілеу;
● Жер учаскелері үшін төлемнің базалық ставкаларын есептеу;
● Елді мекендерде бағалау аймақтары шекараларының схемаларын жасау;
● Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылық алқаптарын алып қойған кезде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын анықтау;
● Кадастрлық карталарды және жер ресурстарының жағдайы мен пайдалану атластарын жасау;
● Елді мекендердің шекараларын (шегін) өзгерту жобаларын әзірлеу;
● Жергілікті жерде елді мекендердің шекараларын белгілеу;
● Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу;
● Жергілікті жерде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың шекараларын белгілеу;
● Шаруашылық ішілік жер пайдалану жобаларын әзірлеу;
● Жерді түгендеу.
Аталған жұмыс түрлерін филиалдың жоғары білікті мамандары жүзеге асырады. Сонымен қатар филиалдың жоғары деңгейде жабдықталған материалдық-техникалық базасының бар екендігін де ескерген жөн.
Филиал басшылығы тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған ауқымды жұмыстар нәтижесінде коммерциялық қызмет түрлері сапалы орындалып, жер иелерінің сұраныстарын қанағаттандырудамыз.
Осы қызмет түрлерін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Жамбыл облысы бойынша филиалынан ала аласыздар.

Б.Муканов,
«Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының Жер кадастры басқармасының басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.