Қалалық қоғамдық-саяси газет

Талас аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы тағайындалды

0 629
Талас ауданының әкімі Н.Жүнісбековтің 2024 жылғы 12 маусымдағы №04-40 өкімімен Назарбеков Дархан Ахмедиарович Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Назарбеков Дархан Ахмедиарович 1984 жылы 25 тамызда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары.
2005 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Қаржы және несие», 2012 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2005 жылы Тараз қалалық орталық сайлау комиссиясының техникалық маманы болып бастаған.
2006-2007 жылдары Жамбыл облысы әкімиятының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығының әдіскері, аға әдіскері.
2007-2013 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бас маманы.
2013-2014 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының шағын және орта бизнесті қолдау бөлімінің басшысы.
2014-2018 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы.
2021 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының заң қызметі және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы заң қызметі және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы.
2021-2024 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының заң қызметі, әлеуметтік объектілердегі жабдықтарды қауіпсіз пайдалану және өнеркәсіптік қауіпсіздігі бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
«AMANAT» партиясының мүшесі. Отбасылы, 1 қыз, 2 ұл тәрбиелеуде.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.