Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жемқорлық – әлеуметтік қиын құбылыс

0 232

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның кері кетуіне әсер ететін, елдің болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін қиын құбылыс. Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, пара алу, пара беру, арада делдал болу, жалған сөз жеткізу, жалған жауап беру немесе одан жалтару, лауазымды адамдардың сот үкімі мен сот шешімін орындамауы секілді қылмыстардың барлығы жемқорлыққа себепші болып табылады.Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықтық түсіндіру жұмыстарының сапасын арттыруда Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы да өз үлесін қосуда.
Қоғамның әртүрлі ортасындағы сыбайлас жемқорлықтың профилактикалық жұмыстарын насихаттау, Ата заңды құрметтеу, құқықтық мағлұмат беру, адамгершілікке тәрбиелеуді негізге ала отырып, кітапханада «Жемқорлықпен күрес – жалпыхалықтық іс» информина, «Жемқорлық – ғасыр дерті» құқықтық-ринг, «Міндетіміз ортақ – жемқорлықсыз болашақ» оқырман конференциясы, «Жемқорлықпен күрес – қоғамның ісі» акциясы секілді көптеген іс-шаралар өткізілуде.
Осындай аталмыш іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

А.Р.Баймағамбетова,
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының
абонемент қамтамасыз ету секторының меңгерушісі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.