Қалалық қоғамдық-саяси газет

Желіде танымал болған автобус жүргізушісі Қарағандыда жол апатына түсті

0 375

Қарағандыда екі автобустың соқтығысқан. Олардың біреуінің жүргізушісі жақында желіде танымал Айдос Аринов. Жол апатынан бір адам зардап шеккен, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол-көлік орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде пайда болды.

Автобустар соқтығысқан кезде тиктокер Айдос Аринов Yutong маркалы №43 автобусты жүргізіп келе жатқан.

Хабарламада айтылғандай, Shaolin маркалы екінші маршруттық автобустың жүргізушісі жол апатына себепкер болған .

«ЖКО 26 желтоқсанда сағат 16.40-та Гапеев көшесінде орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, Shaolin автобусының жүргізушісі бұрылып жатып, жол бермеген және Yutong маркалы автобуспен соқтығысуға жол берген. ЖКО нәтижесінде көлік құралдары механикалық зақым алды. Медициналық көмекке Shaolin автобусының 14 жастағы жолаушысы жүгінді», – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасының фактісі полицияда тіркеліп, ол бойынша тиісті сараптамалар тағайындалған. Олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады, деді ведомствода.

Оқиға туралы тиктокер жүргізуші Айдос Ариновтың өзі де пікір білдірді. Ол өзінің Instagram аккаунтында болған жағдай туралы айтты. Айтуынша, оның кінәсі жоқ.

«Мен адамдарды Гапеев көшесіндегі соңғы аялдамадан түсірдім. Ал екінші автобус жолаушыларды түсірмей, менің алдымда қарай бұрыла бастады. Мен жылдамды түсіруге тырыстым, бірақ бұл көмектескен жоқ. Себебі ол аялдамада тұрған адамдарға қарай асыққан», – деді Айдос Аринов.

Сондай-ақ, тиктокердың сөзінше, бетіне және денесіне әйнек сынықтары тиген. Видеолардың бірінде ол наркология бойынша медициналық тексеруден өткенін және автобусын жөндеуге жіберетінін айтқан.

Ал желі қолданушыларының бірі тиктокерді қолдаса, енді бірі апатқа өзін кінәлады.

«Міне, аяқпен айдап, өзің телефонда отырғанда не болатынын қара», «Тик-токты аз түсіру керек», – деп жазады басқа интернет қолданушылары.
Еске салайық, бұған дейін 31 жастағы қарағандылық автобус жүргізушісі Арынов Айдос жайлы айтқан едік. Ол автобустың үстіне билеп видео түсіріп, танымалдылығы артқан. Редакциямызға берген сұхбатында өз ісіне жауапкершілікпен қараймын деген енді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.