Синоптиктер 23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың басым бөлігінде бұрқасын болады. Түнде шығыстың таулы аймақтарында қалың қар жаууы мүмкін. Тек республиканың солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, орталығында солтүстік-батыс антициклонның екпіні әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
«Солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста тұмам түседі. Батыста, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады. Еліміздің солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жел күшейіп, бұрқасын болады», – делінген хабарламада.