Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жазып қолыңды ауыртқың келмейді бұл мисыздарға»: Айгүл Орынбек Қазақстан футбол құрамасын сынады

0 327

Белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек күні кеше футболдан Қазақстан құрамасының франциялық қарсыластарынан ойсырай жеңілгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ақшаны допты қуатындарға емес, баланы туатындарға бөліңдер! Білім қуған елдер озып, доп қуам деп тозып жатқан Қазақстан! Үш жыл ішінде 105 620 000 000 жәй ғана допты қуатындарға бөлініпті. Футболдан әлемді бағындара алмайтынымызды біздің шенеуніктер қашан түсінер екен?», — деп жазды ол.

Заңгер қаражатты басқа салаларға бөлгенде әлдеқайда жоғары көрсеткішке жетуге болатынын айтты.

«Одан да осы ақшаны басқа салаларға бөлсе, көрсеткіш көрсетуге болар еді. Бұл қаржы білім мен ғылымға бөлінсе, жастарымыз шет ел аспас еді… Ішің удай ашиды, жазып қолыңды ауыртқың келмейді бұл мисыздарға», — дейді заңгер.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.