Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жазбаша сөйлеу деген не?» Екінші сыныптың оқулығы қоғамның қызу талқысына түсті

0 1  135

Екінші сынып оқушыларына арналған қазақ тілінің оқулығы қоғамда қызу талқыға түсті. Әлеуметтік желі қолданушысы кітапта жазылған тапсырманың мүлдем дұрыс еместігін айтып отыр, деп хабарлайды Экспресс К

Бір оқушының анасы екінші сыныптың қазақ тілі оқулығына тыңнан жаңалық енгізілген деп отыр. Яғни кітаптағы тапсырма да, тақырып та дұрыс емес.

Сөзім жетпейді. Бастауышта ана тілін оқитынбыз. Жарайды. Енді «жазбаша сөйлеу» деген не ол? Жазу ол — жазу. Сөйлеу ол — сөйлеу. Жазбаша сөйлеу деген жоқ қой. Кім шығарды мұны? Мен балаға қалай түсіндіремін,— деп күйінеді бейнежазба авторы.

 

Тіпті тақырыпты «ауызша және жазбаша сөйлеу» деп қойыпты деген ол, жазбаша сөйлей алатындарға таңғалуда.

Біз жазбаша жазамыз, ауызша сөйлейміз. Бір-біріне қайшы келеді. Мен мектепте үздік оқыдым. Мұғалімдерім мықты болды. Сондықтан баламның сабағына өзім көмектесемін деген сенімде едім. Ал енді мынау не?— дейді әйел.

 

 

Бұл бейнежазбаға пікір білдіргендер өте көп. Бірі бұл мәселенің жауабын министрлік беру керек дегенді жазса, енді өзгелері қазақ тілін білмейтіндер оқулықты шұбарлап бітті дегенді алға тартуда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.