Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жаттығу жұмыстары жүргізілді

0 279

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамымен Жамбыл ауданының Айша бибі ауылы маңында орналасқан №3 газ компрессоры станциясында оқу-жаттығу өтті.

Аталған шараға Тараз қалалық № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен және кезекшілік өрт сөндіру қызметінен барлығы 3 техника мен 12 адам жеке құрам жұмылдырылды. Ал «Астана кешенді қауіпсіздік қызметі» ЖШС «Тараз» газ тасымалдау басқармасынан 3 техника, 10 адам қатысты.

Жаттығу ойламасы бойынша аталған нысанның жанар-жағармай сақтау қоймасындағы құрылғылардың ақауы салдарынан өрт шыққан. Облыстық төтенше жағдай департаменті күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының бағыттаушыларымен №2 жоғарғы шақырту бойынша шартты өртке Тараз қаласы гарнизонының өртке қарсы қызметінің күштері мен құралдары жөнелтілді. Оқиға орнында 2 өрт сөндіру штабының жұмысы ұйымдастырылып, 2 жауынгерлік участок құрылды. Шартты өрт алаңы 200 шартты метрді құрады. Өрт сөндірушілер оқиға орнынан 20 адамды қауіпсіз орынға көшірді. Зардап шегушілер тіркелмеген. Бөлімшелер алға қойған тапсырмаларын жетістікпен орындап, жаттығу нәтижесінде шартты өрт тізгінделді.
Сонымен қатар облыстық төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері «Бизнес Ойл» ЖШС жанар-жағармай сақтау базасында өрт-тактикалық жаттығу ұйымдастырды. Оқу-жаттығуға Тараз қаласының өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері жұмылдырылып, барлығы 9 бірлік техника және өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 42 адамы қамтылды.
Жаттығудың тактикалық жоспарына сәйкес, өрт жанар-жағармай тасымалдайтын жүк көлігіне жанармай құю кезінде қауіпсіздік техникасының бұзылуы нәтижесінде пайда болды. Адамдардың, қызмет көрсетуші персоналдың өміріне және жақын маңдағы көлікке өрттің таралуына қауіп төнді. Оқиға орнына №2 шақырту бойынша шығу кестесіне сәйкес, Тараз қаласының өртке қарсы қызмет гарнизонының күштері мен құралдары жөнелтілді. Келіп жеткен өрт сөндірушілер шұғыл түрде шартты өртті сөндіру бойынша жұмыстарын жүргізді. Бөлімшелердің алдына қойылған міндеттер сәтті орындалды, оқу-жаттығу нәтижесінде шартты өрт жойылды. Оқу-жаттығу қорытындысында ескертулер мен кемшіліктерді атап көрсете отырып, талдау жүргізілді. Жаттығу соңында өрт сөндіруші-құтқарушылар аталған нысанның ерекшелігімен танысты.
Сонымен қатар төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде саптық байқау өтті. Шара барысында азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің сыртқы келбеті, жетондардың болуы, қызметтік куәліктердің атағы мен лауазымына сәйкестігі тексерілді.
Бұл байқау маусымдық киім үлгісіне көшу аясында өткен болатын. Соған орай киім нысанының белгіленген талаптарға сәйкестігіне ерекше назар аударылып, оны күнделікті қызметтік міндеттерін орындау кезінде киіп жүрулеріне көңіл бөлінді. Киім, бас киім, аяқ киім кию, шеврондар мен погондарды, эмблемаларды орналастыру ережесі, тұтастай алғанда, жеке құрамның қысқы киім нысанымен қамтамасыз етілуіне ерекше екпін түсірілді. Айта кеткен жөн, саптық байқаулар өрт сөндіру қызметінің барлық бөлімшелерінде ұйымдастырылды.

Айдос Қасқаев, № 3 өрт сөндіру бөлімінің бастығы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.