Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жастар ЖИТС туралы не біледі?

0 464

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде «Біз АИТВ ЖИТС-ті білеміз, біз оны жеңеміз» атты акция ұйымдастырылды. Акция аясында облыстық ЖИТС орталығының дәрігерлері студенттерде аурудың алдын алу шаралары туралы ашып айтып берді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

 Кездесуде «Зер-Күміс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Зайда Арынбаева және ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Ысқақ Мейіржан сөз сөйлеп, жастарды қауіпсіздікті қатаң сақтауға шақырды. Сондай-ақ ЖИТС-тің алдын алудағы дерек пен дәйектен бұрын, көп нәрсе ата-ана тәрбиесіне байланысты екенін баса айтты. Бұдан соң ЖИТС орталығының психологы Мереке Бегманова студенттермен бірге «АИТВ ЖИТС дегеніміз не? Аңыздар мен фактілер» тақырыбында ойын өткізді. Оған студенттер белсенді қатысып, ЖИТС-тің белгілері мен алдын алу жолдарынан хабардар екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Кездесу соңында колледждің жас өнерпаздары әсем ән орындаса, акцияның өтуіне қолдау көрсеткен студенттер мен дәрігерлер Алғыс хатпен марапатталды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.