Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жаса, жайна – Таразым!»

0 449
Шаһарда қала күніне арналған шаралар кешені аясында 2021 жылдың 4-ші қазанында ҚР Тұңғыш Президенті саябағында Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Жаса, жайна – Таразым!» атты қала күніне арналған іс-шара өткізілді,- «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Мереке барысында «Жігер» ұлдар домбырашылар ансамблі Дәулеткерейдің «Көроғлы» және Құрманғазының «Балбырауын» күйлерін тарту етті. Сондай-ақ, мерекеге жиналған көрермен, жас әншілер Сейтов Аянның орындауында «Ауылға сағыныш» әнін, «Желдірме» дәстүрлі әншілер ансамблінің орындауында халық әні «Әриайдай» мен «Шаттық» үлгілі балалар хор ұжымының орындауында тамаша әнді тыңдады.
Сонымен қатар үлгілі балалар ұжымдары: «Жас Дәурен» хореографиялық студиясы, «Камер-тон» эстрадалық вокал студиясы, «Өрлеу» ән-саз студиясы, «River dance» балдық би студиясы, «Гармония» музыкалық студиясы өз өнерлерін көрсетті. Барлығы концертке орталықтан 100-ге жуық тәрбиеленушілер қатысты.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.