Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жас ғалымдардың басшылық қызметке тағайындалу тәртібі жеңілдетілді

0 156

«Байқауға қатысу үшін бұрынғыдай кем дегенде 5 жыл ғылыми-зерттеу институттарында басшылық қызмет ету талап етілмейді. Осы тармақты алып тастау бойынша жұмыс жүргіздік. Енді мамандық бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, ал философия докторы (PhD), өз саласы бойынша доктор, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы дәрежесінде кем дегенде 3 жыл жұмыс өтілі жеткілікті», – деді ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Жанна Кұрманғалиева.

Естеріңізге салайық, 28 қаңтарда Комитет 7 ҒЗИ басшылығы қызметіне конкурс жариялады. Құжаттар 11 ақпанға дейін (қоса есептегенде) қабылданады. Үміткерлерге қойылатын талаптар мен конкурсқа қатысуға арналған құжаттар тізімі бар барлық хабарландырулар Ғылым комитетінің сайтында орналастырылған.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.