Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жартылай жалаңаш жігіттер Ақтөбе әкімінің фотосын сүйіп, ерекше құттықтау жолдады (видео)

0 526

Афроамерикалықтар түрлі қимыл-қозғалыстар жасап, әкім Асхат Шахаровға сәлем жолдаған. Видео желіде таралды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

3 қазанда Ақтөбе әкімі Асхат Шахаров 43 жасқа толды. Ол көптеген спорттық атақ иегері, дзюдо және самбодан еңбек сіңірген спорт шебері. Әкім ешкімге ұқсамайтын ерекше құттықтау иесі атанды. Видеода жартылай жалаңаш жігіттер тобы: «Асхат Шахаров Туған күніңмен» деп дауыстап қайталайды.

Шенеуніктің суретін ұстап тұрғандардың бірі оны сүйеді. Содан кейін “әртістер” әкімге арнап би билейді. Жігіттер Юрий Шатуновтың әніне билеп, шенеунікке “жүрек” жібереді.

Еске салсақ, жақында Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар осыған ұқсас жағдайға тап болды. Ол кезде әкімді туған күнімен емес, «Ең үздік әкім» деп арнау жасаған. Белгілі болғандай, бұл құттықтаулар шығармашылық бизнес-жоба екені айтылды.

 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.