Ninety One тобының продюсері Ерболат Беделхан топтың тарауына қатысты қауесетке жауап берді деп хабарлады turkystan.kz.
«Топ пен Juzz Entertainment компаниясы арасындағы келісімшарт мерзімі биыл қыркүйекте бітеді. Яғни мәселе Ninety One тобының компаниямен жұмысын тоқтатуында. Бұл мәселе жарты жылдан бері талқыланған. Енді топ өзі жеке бренд ретінде жұмыс жүргізетін болады. Ал компания жеке басқа бағытта жұмыс жүргізеді», – деп түсіндірді Ерболат Беделхан.