Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жария мүдделі ұйымдардың қаржылық есептілігін депозитарийге беру тәртібі талаптарының сақталуы

0 214

«Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1173 Қаулысы талаптарына сәйкес, жыл сайын есептіден кейінгі жылдың 31 тамызына дейін қаржылық есептілік пен аудиторлық есепті Уәкілетті ұйымға жариялы мүдделі ұйымдар уақытылы ұсынуы тиіс.

Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңына сәйкес, жария мүдделi ұйымдар – қаржы ұйымдары (қызметінің ерекше түрі шетел валютасымен жасалатын айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), акционерлiк қоғамдар (коммерциялық еместерiн қоспағанда), жер қойнауын пайдаланушы ұйымдар (кең таралған пайдалы қазбаларды өндiретiн ұйымдардан басқа), астық қабылдау кәсіпорындары және жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысу үлесi бар ұйымдар, сондай-ақ шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген мемлекеттiк кәсiпорындар.

Аталған тізімдемеге сәйкес, жария мүдделі ұйымдардың қатарына жататын ұйымдар мемлекетіміздің қаржы жүйесінің дамуына тікелей әсер етеді деп қорытындылауға болады.

Қаржылық есептілік депозитарийін құру – қолданушыларға жария мүдделі ұйымдардың қаржылық және басқа да мәліметтерін алуға, олардың қаржылық жағдайының өзгеріс динамикасын көруге мүмкіндік беретін бір мәліметтер базасына қаржылық есептілікті жинақтау қажеттілігінен туындады.
Депозитарий – жылдық қаржылық есептілік және ұйымдар жыл сайын беріп отыратын аудиторлық есептер, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімі, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың корпоративтік оқиғалары туралы ақпарат қамтылатын, пайдаланушылар үшін ашық қолжетімді электрондық деректер базасы.

Мұндай мәліметтерге қолжетімділік бүкіл еліміздің экономикасының айқындығы мен транспаренттілігіне ықпал етеді.

Ұйымдар жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей уәкілетті орган депозитарий жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға айқындаған ұйымға (бұдан әрі – Уәкілетті ұйым) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген, уәкілетті орган бекіткен тізбе мен нысандарға сәйкес жасалған, жылдық қаржылық есептілікті береді. Қайтадан құрылған ұйымдар ол тіркелген сәттен бастап сол жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы кезең үшін жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.

Еншілес ұйымдары бар ұйымдар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған қосымша жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті береді.

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес аудит міндетті болып табылатын ұйымдар осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген тәртіппен Уәкілетті ұйымға «PDF (Portable Document Format)» электрондық форматында аудиторлық есепті де (қол қойылған және аудиторлық ұйымның мөрімен куәландырылған қағаз нұсқаның сканерленген көшірмесін) береді. Еншілес ұйымдары бар ұйымдар аудиторлық есепті шоғырландырылған есептілік бойынша ұсынады.

Жоғарыда айтылғандар негізінде, Қазақстан Республикасы заңнамаларының бұзушылықтарына жол бермеу мақсатында барлық жария мүдделі ұйымдардың басшылары жұмыскерлерінің заң және қаржылық білімдерін арттыруға, қаржылық есептілікке уақтылы аудит жүргізуге және оның басқару органымен уақтылы бекітілуіне көңіл бөлуі тиіс.

Сондықтан, Жамбыл облысы бойынша жариялы мүдделі ұйымдарға, аудиторлық есепті және қаржылық есептілікті 2019 жылдың 31 тамызына дейін электрондық деректер базасына алдын ала тапсыруын ескертеміз.

Сонымен қатар, уақтылы тапсырмаған ұйымдар Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдесіндегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің талаптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын хабарлаймыз.

Жанар Жакупова
Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік
аудит департаментінің жетекші маманы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.