Желіде Ораза айы кезінде жарапазанды нақышына келтіріп айтқан баланың видеосы тарады деп хабарлады turkystan.kz.
Whatsapp желісінде бейнежазбаның қай жерде түсірілгені және жарапазанды айтқан баланың аты-жөні жазылмаған. Солай болса да Whatsapp-тағы топтарда халық баланың өнерін бас бармақтарымен бағалаған.
Жарапазан – маусымдық-күнтізбелік ғұрып фольклорына жататын түркі халықтарына көп таралған байырғы жанр.
Жарапазан туралы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Жарапазан рамазан деген сөзден шыққан. Ораза уақытында балалар, бозбалалар түнде үйдің тұсында тұрып жарапазан өлеңін айтады. Ораза ұстаған адамдар сауап болады деп жарапазан айтқандарға құрт, май, ірімшік, бір шаршы шүберек, басқа сол сияқты нәрселер береді. Жарапазанды кәсіп етіп, ораза уақытында ел аралап, күндіз жүріп айтатын үлкен адамдар болады. Жарапазанды адамдар екеу болып жүріп айтады. Бірі жарапазан айтқанда, екіншісі қостаушы болады» деп жазған.