Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жарқынай күйеуімен айырылысуына қатысты: Алла қосам десе, екі жылдан кейін де қосып жібереді

0 598

Жарқынай Ханайымның күйеуімен айырылысуына «Рауза» телехикаясындағы сүйісу сахнасы себеп болған. Қазіргі «Кешью» құрамындағы Наргиз Алтайбайдан жары Айдар Асқарбекті қызғанған Жарқынай желіге өкпесін жариялап, кейін өшіріп тастады. Ал қазір екеуінің қарым-қатынасы қандай? Бұл туралы актриса НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына сұхбат берді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бұл тақырып қазірше белгісіз. Өздеріңіз-ақ байқайсыздар ғой, инстаграмнан көріп отырсыздар. Сондықтан қазірше белгісіз тақырып. Қалай болатыны енді Алланың қолында. Қосам десе, екі жылдан кейін де қосып жібереді. Бәрі уақыттың еншісінде. Қазір өнеріме, қызыма, бизнесіме көп көңіл бөліп жатырмын», – деді Жарқынай.

Көп уақытын қызымен өткізетін Жарқынай Айлананың шығармашыл адам болғанын қалайды екен. Оған себеп те жоқ емес.

«Айлана – жұлдыз болып туған қыз. Әкесінің әулетінде барлығы жұлдыз жандар. Айлана шығармашылық адам болады деп Баян Мақсатқызы, Бағым Мақсатқызы сеніп айтады», – дейді актриса.

Жанұялық өмірдің жанжалынан бөлек, Жарқынайдың жеке басына жазылатын хейт жетерлік екен. «Сахнада жүргеніме 6 жылдан аса уақыт болса да, ел менің шыққан жерімді бетіме басады. Тіпті сол үшін Айдарға лайық емессің деген пікір айтады», – дейді.

«Сол туралы сұрай береді, жаза береді. «Сен – өзбексің, моңғолсың, қарақалпақсың. Сен қорқыныштысың, қысқасы, өзбек сияқты пысықсың. Тым қусың деген сияқты жазады. Мен түсінбеймін. Ол тақырып қалмайды деп ойлаймын», – дейді Жарқынай.

Жарқынайдың пікірінше, бүгінде продюсерлердің оған деген өкпесі бар. Алайда актриса оның себебін ашып айтқысы келмеді. «Шығармашылық бүйірімді шығармады» деген ол, бүгінде кәсіпке кірісіп кеткен.

«Айтсам, өтірік болатын шығар, шығармашылықтан үлкен ақша тапқан емеспін. Продюсерлермен жұмыс жасадым. Продюсерлер менен ақша тапса екен дейтінмін. Себебі ол кісілер маған ән жазып берді, киноға түсірді. Шығармашылықтан емес, кәсіптен көп ақша таптым. Шығармашылықтан бір ай миллион аларсың, бірақ 2 ай жұмыссыз жатасың», – деп ағынан жарылды өнер иесі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.