Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жапонияда 14 жыл бұрын қанды қырғын жасаған ер адам өлім жазасына кесілді

0 442

Жапонияда сотталған адам өлім жазасын жылдар бойы күтеді, бірақ қай күні жүзеге асатынын жаза болатын күні таңертең ғана біледі. Әдетте елде өлім жазасы дарға асу арқылы жүргізіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі  РИА Новости-ге сілтеме беріп.

2008 жылы маусымда Токионың орталығында болған қанды қырғын үшін айыпты деп таныған 39 жастағы Томохиро Катоны өлім жазасына кесу осы жылдың 26 шілдесінде орындалды.

Бұл премьер-министр Фумио Кишида үкіметі тұсында екінші рет жүзеге асқан өлім жазасы болды.

2008 жылы маусымда Акихабара қаласында адам көп жүретін көшеде болған атышулы кісі өлімінің құрбаны жеті адам болған, ал тағы 10 адам жараланған. Құқық бұзушы жүк көлігін көп адамның арасына айдап, көшені жауып тастаған. Содан кейін қылмыскер көліктен түсіп, өтіп бара жатқан адамдарды пышақтай бастаған.

Ұсталғаннан кейін ер адамның 26 жаста екені анықталған. Қылмыскер Томохиро Като өмірге деген қызығушылығын жоғалтқандықтан, әдейі біреуді өлтіру үшін Сидзуока префектурасынан Токиоға келгенін айтқан.

Айыптау үкіміне сәйкес, Томохиро Като психикалық ауытқуы жоқ және өз әрекеті үшін толық жауап бере алады деп танылған. Сондықтан, келтірілген дәлелдемелердің, сондай-ақ тергеу әрекеттерінің нәтижелерінің негізінде сот өлім жазасын тағайындау туралы шешім шығарды.

Жапон заң ғылымында өлім жазасы әдетте бірнеше адамды өлтірген жағдайда қолданылады. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Жапонияны адамгершілікке жатпайтын жазалау шарасын жоюға шақырады. Жылына шамамен он шақты үкім орындалады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.