Тіркелмеген Демократиялық партия жетекшісінің әйелі Инга Иманбайдың айтуынша, полиция департаменті ғимаратының алдына шатыр тігуге полиция кедергі келтіргендіктен оларға түнде суық тиіп қалған. Белсенділер жаңбыр астында қалған, деп хабарлайды «Адырна» сайты.
«Көбісі, соның ішінде мен де суық тиіп, таң атқанша шыдадық, бірақ таңертең емделуге тура келді», – деп жауап берді Orda.kz тілшісіне Инга Иманбай.
Бұған дейін тіркелмеген Қазақстан демократиялық партиясының жетекшісі Жанболат Мамай 2 ай мерзімге қамауға алынған болатын.