Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жанболат Мамайдың үстінен тағы қылмыстық іс қозғалды

0 182

Тіркелмеген «Демократиялық партияның» жетекшісі Жанболат Мамай бүгін өзінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

«Менің үстімнен қылмыстық іс қозғалды. Жаңа ғана Алматы полициясынан хабарласып, маған қарсы 378-бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жазды.

Бүгін, 26 қазан күні сағат 16-00 Алматы полиция департаментіне шақырды», – деп жазды Ж.Мамай.

Естеріңізге сала кетейік, Қылмыстық кодекстің 378-бабының 2-тармағы «Жария түрде ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып билік өкілін қорлау» деп аталады.

Бұл бап бойынша бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.