Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылдық полицейлер күн сайын жол- көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарын жүргізуде

0 128

Жол көлік оқиғаларын алдын алу және болдырмау мақсатында патрульдік полиция батальондарының қызметкерлері жолдардың бекітілген учаскелерінде тәулік бойы патрульдеу жұмыстарын жүргізуде, көлік құралдарының жүргізушілерімен, сондай-ақ жаяу жүргіншілермен жол қозғалысы ережелерін сақтау және жол қауіпсіздігі шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» республикалық тас жолының Алматы облысы шекарасынан Түркістан облысына дейінгі ұзындығы 450 шақырымды құрайтын учаскесінде екі бағыт бойынша автокөліктерге ілесіп жүру жұмыстары жүргізілуде.

Жол-көлік оқиғалары жиі болатын аймақтар, сондай-ақ қоғамдық көлік және қалааралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүк көліктерінің жүргізушілері тарапынан жіберілетін құқық бұзушылық деректерін анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстар ерекше назарда тұр.

Құрметті көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер! Жамбыл облысының Полиция департаменті жолда жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттігін естеріңізге салады! Ұзақ сапарға шығуды жоспарлаған жүргізушілерге ең алдымен жолға шығар алдында жақсылап демалу керектігін ескертеміз. Жол қауіпсіздігі Сізге де байланысты екенін естен шығармаңыз!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.